Халыққа
көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату — сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-әрекет ету және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың
басты аспектісі.
Мемлекеттік
қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
1. көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк,
лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына,
нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар
бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
2. мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық
көріністеріне жол бермеу;
3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік
және ашықтық;
4. мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
5. мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
6. мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және
тиімділік.
«Купчановка бастауыш мектеп балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан
Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына
сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін білім ұйымы.
Коммуналдық мемлекеттік мекеме 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім
берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
Мемлекеттік
қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік
қызмет көрсетудің нысаны: электронды, қағаз түрінде.
2017
жылы 2 қызмет білім бөлімі арқылы көрсетілген.
2.
«Мектепке
дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
Мемлекеттік
қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік
қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде көрсетіледі.
2017
жылы 6 қызмет
мемлекеттік орган арқылы көрсетілген.
Мемлекеттік
қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Купчановка бастауыш мектеп балабақшасы» КММ-нің көпшілікке қолжетімді
орындарында арнайы ақпараттық стенділерде.
«Купчановка бастауыш мектеп балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2017 жылдың 1 қантар
айынан 31 желтоқсан айы аралығында қызмет алушылар тарапынан шағым түскен жоқ.
Байланыс телефондары:
Купчановка а. Мектеп көшесі «Купчановка бастауыш мектеп
балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тел.31-5-54
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері, демалыс және мереке күндерін
қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға
дейін.