Жеке гигиена сақтау – әдептілік қана емес, бұл әдетте кір қолдардан басталатын көптеген сырқаттардың алдын алу болып табылады.
Бір қарағанда қарапайым манипуляция болғанына қарамай, көптеген жайтта қол жуу тәжірибесін барлық адамдардың біле бермейтінін тәжірибені көрсетіп отыр. Бұл тек балаларға ғана қатысты емес, бірқатар үлкендерге де қатысты. Сонымен қол жуу – манипуляциясы 15 секундтан аз уақыт алмауы керек. Теріден, тырнақтың арасындағы патогенді микроорганизмдерді бактерияға қарсы сабынды пайдалағананның өзінде азғантай уақыт ішінде шығару мүмкін емес. Шараны өткізу бойынша жан-жақты нұсқаулық, біреу емес бірнеше, бұрыннан бері бар. Дегенмен, бұл нұсқаулықтар мен ұсыныстарды іс жүзінде көпшіліігміз қолдана бермейміз.
Балабақшада қолды қалай дұрыс жуу керек?
Кішкентай бала негізінен күні бойы балабақшада болатындықтан тәрбиешілер, медицина қызметкері балаларды гигиена және қолдарды дұрыс жуу ережелеріне баулиды. Десек те, бастапқы гигиеналық дағдылар алдымен отбасында қалыптасады, ұжым ішінде бұл дағдылар барынша табысты әрі жеңіл бекітіледі. Сол себептен тақырыптық ойындар өткізіледі, балалардың назары ас ішер алдында, ас ішкен соң, сабақтардан, серуеннен кейін қолдарын жууды дағдыға айналдыру мәселесіне үнемі аударылады. Қол жуу туралы әсем безендірілген жадынамалар қол жуғыштардың жанына ілінеді. Балабақшада оқу барысында келесісәттергеназараударылады: