«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы |
Қазақстан Ресубликасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия отырысының 2020 жылғы 12 наурыздағы хаттамасының 4-тармағының
1) тармақшасын және «Қазақстан Республикасында пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 20-ПГВр қаулысының 2-тармағының 1) тармақшасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191болып тіркелген, 2008 жылғы 20 мамырдағы № 81 (1481) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 14-9 тармақпен толықтырылсын:
«14-9. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда тоқсанға бір БЖБ, тоқсанның соңында ТЖБ өткізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 20-1 тармақпен толықтырылсын:
«20-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда БЖБ мен ТЖБ қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып ұйымдастырылады.»;
мынадай мазмұндағы 50-1 тармақпен толықтырылсын:
«50-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қорытынды аттестаттауағымдағы оқу жылының жылдық бағаcынегізіндежүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 52-1 тармақпен толықтырылсын:
«52-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13110 болып тіркелген) Экстернат нысанында оқыту қағидаларына сәйкес білім алушы балалар қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып БЖБ нысанында қорытынды бітіру емтиханын тапсырады.»;
мынадай мазмұндағы 53-1 тармақпен толықтырылсын:
«53-1.Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда, растайтын құжаттарын ұсынған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың бітірушілері үшін оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып онлайн режимінде қорытынды бітіру емтихандары немесе мемлекеттік бітіру емтихандарыұйымдастырылады.»;
мынадай мазмұндағы 54-1 тармақпен толықтырылсын:
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
|
А. Аймагамбетов |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 20.04.2020
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 20428 болып енгізілді
Результаты согласования
Министерство образования и науки РК - Директор Нурсейт Абсаттарович Байжанов, 14.04.2020 14:51:22, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - Әділет Вице-министрі Наталья Виссарионовна Пан, 17.04.2020 10:18:26, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
ҚР Білім және ғылым министрлігі - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов, 17.04.2020 12:13:47, положительный результат проверки ЭЦП