КГУ «Начальная школа-детский сад села Купчановка отдела образования по  Буландынскому району  управления образования Акмолинской области»
  «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Купчанов ауылының бастауыш мектеп-балабақшасы» КММ

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Вирустық аурулардың таралуының алдын алу бойынша ЖАДНАМА

28.02.2020

Білім алушылар арасында вирустық аурулардың, оның ішінде коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында облыстардың,                     Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, қалалар мен аудандардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары денсаулық сақтау органдарымен және ұйымдарымен бірлесіп, оқушылар мен педагогикалық ұжымдарда, сондай-ақ ата-аналар қоғамдастығының арасында профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізу қажет.   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:

1) білім беру органдары мен ұйымдарының басшыларына: 

- білім беру ұйымдарында вирустық аурулардың, оның ішінде коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын құруды (ҚР ДСМ 11.09.2013 ж. № 466 бұйрығы бойынша жұмыс істеу);

- барлық білім алушыларды, педагогтар мен ата-аналарды вирустық инфекция, оның ішінде коронавирустық инфекция белгілері туралы,                 сондай-ақ коронавирустық инфекцияға күдікті уақытта алдын алу шаралары мен іс-әрекеттері туралы хабардар етуді қамтамасыз етуді;

- білім беру органдары мен ұйымдарының ресми сайттарында                       ата-аналар арасында вирустық аурулардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;

- коронавирустық инфекцияға күдікті адамдарды анықтау кезінде білім беру объектілері қызметкерлерінің әрекет ету тетігін әзірлеуді;

- білім беру ұйымдарында (дәліздер, фойелер, кабинеттер, зертханалар, акт және спорт залдары) санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуді, қажет болған жағдайда күшейтілген талаптардың сақталуын қамтамасыз етуді: желдету режимі, кварцтау режимі, жинау режимі, ауызсу режимі, сондай-ақ білім беру ұйымының техникалық персоналымен жүргізілетін ылғалды жинау санын арттыруды;

- санитарлық дәрігерлерді шақырумен дезинфекциялық құралдарды қолдану және жұмыс ерітінділерін дайындау бойынша персонал үшін санминимум жүргізуді;

- білім беруді ұйымдастыруды сабын-жуу мен дезинфекциялау құралдарының қажетті санымен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды; 

- вирустық инфекциялармен сырқаттанушы балаларды күнделікті бақылауды (температураны өлшеу, визуалды тексеру);

- вирусты инфекциялардың эпидемиясы мен өршуі кезінде бір сынып оқушылары күні бойы бір сынып бөлмесінде қалуы үшін кабинеттік оқу жүйесін тоқтатуды;

- коронавирустық инфекцияға күдікті науқастар анықталған жағдайда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді уақытша оқшаулауды қамтамасыз ету, болмаған жағдайда изоляторға орналастыруды ұйымдастыруды;

- маскалық режимді ұйымдастыруды (ауырған баламен қарым-қатынаста медицина қызметкерлерінің, педагогтардың маскаларын киюі; ас блогының қызметкерлері балаларға тамақ тарату кезінде) (карантин кезінде);

- ауру қызметкерлерді білім алушылармен және тәрбиеленушілермен жұмысқа жіберуге тыйым салуды (карантин кезінде);

- «Вирустық инфекция», «Коронавирустық инфекция» санитарлық бюллетенін шығару, білім беру ұйымдарының көрнекті орындарына ақпарат орналастыруды (карантин кезінде);

- қажет болған жағдайда денсаулық сақтау органымен келісе отырып, басқарманың бұйрығына сәйкес жеке топтарда, сыныптарда, барлық білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтатуды ұсынады.

2) мұғалімдер мен сынып жетекшілерге:

- әрбір сабақтың басында балада кемшілік белгілерін анықтау үшін білім алушыларды көзбен шолып тексеру жүргізуді;

- сабақта бала мазасызданбаған жағдайда білім беру ұйымының медицина қызметкерін хабардар етіп, ата-аналарына хабарлауды;

- әлеуметтік желілердің чат-топтарында ата-аналар арасында вирустық аурулардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;

- білім алушылардың гигиеналық нормаларды сақтау бойынша шараларды күшейтуді;

- вирусты инфекцияның, коронавирустық инфекцияның алдын алу, коронавирустық инфекцияға күдікті кездегі іс-әрекеттер және алдын алу шаралары туралы тақырыптық сынып сағаттарын өткізу, ақпараттық бұрыштар құруды;

Сонымен қатар, жалпы мектептік және сыныптан тыс іс-шараларды, сондай-ақ жалпы мектептік және сынып ата-аналар жиналысын өткізуді шектеуді ұсынады.

3) ата-аналар баланы адамдар көп жиналатын жерден қоршауы қажет. Баланы мектепке жібермеу және тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну қажет.

Просмотров: 425


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст