4 сынып. Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың сөздік қорын молайту. Сөйлем құрау, әңгімелей алу дағдыларын жетілдіру. Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау, еске сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушылардың өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: түсіндіру әдісі. Жабдықтау: мазмұнды суреттер, карточкалар. Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі: - Амандасу. - Сыныпты түгендеу. Сабақтың ұраны: «Бір сөз болса да, дауыстап айт, Ең бастысы – үнсіз қалма.» ІІ. Тіл дамыту. Сұрақ – жауап. - Сенің атың кім? - Сенің фамилияң кім? - Сен нешінші сыныпта оқисың? - Сенің ұлттың кім? - Сенің жасың нешеде? - Сен қайда тұрасың? Фонозарядка «Бір әріпке бес жауап» Ойынның мақсаты: Бұл ойын баланың қисынды ойлау қабілетін, тездікке, шапшаңдыққа баулиды. Ә дыбысына 1. Қыздың аты – (Әлия) 2. Ұлдың аты – (Әмір) 3. Оқулықтың атауы – (Әліппе) 4. Үй құсы – (Әтеш) 5. Әкемнің шешесі – (Әже) ІІІ. Өткенді қайталау. Сұрақ – жауап. 1. Қазір жылдың қай мезгілі? 2. Күз айлары қандай? 3. Қазір қандай ай? 4. Бүгін нешесі? 5. Бүгін ауа райы қандай? 6. Ауаның температурасы қандай? ІУ. Үй жұмысын тексеру. - сөздерді тексеру; - сөзжұмбақты шешу Әріп сөзжұмбағы қ қ қ қ қ қ А О А А А А З Я С Р Б Р Н Қ Б Ы Л Ы Ы р Ы р З Ғ Ғ А А Ш 1. гусь 2. заяц 3. волк 4. арбуз 5. стена 6. ласточка У. Жаңа сабақ 1. Жаңа тақырып бойынша әңгіме құрастыру. 2. Жаңа сөздермен танысу. Отан – Родина Мемлекет – государство Ту – знамя Елтаңба – герб әнұран – гимн астана - столица а/ Мұғалім сөздердің мағыналарын түсіндіреді. ә/ Мұғалім оқиды, оқушылар дауыстап қайталайды. б/ Мұғалім оқиды, оқушылар тізбекпен қайталайды. в/ Оқушылар сөз тіркестерді құрайды. Менің Отаным Үлкен мемлекет Еліміздің елтаңбасы Жаңа астана Сенің астанаң 3. Сұрақ – жауап:. - Біз қай мемлекетте тұрамыз? - ҚР қандай мемлекет? - Бас қала қай қала? - Мемлекеттік тіліміз қай тіл? - ҚР рәміздерін кім атап береді? 4. Жазбаша. Электронды оқулық арқылы берілген сөздермен тәуелдеу жасау І жақ Менің Отаным елтаңба .... астана..... мемлекет.... әнұран...... ІІ жақ Сенің Отаның елтаңба .... астана..... мемлекет.... әнұран...... ІІ жақ Сіздің Отаныңыз елтаңба .... астана..... мемлекет.... әнұран...... ІІІ жақ Оның Отаны елтаңба .... астана..... мемлекет.... әнұран...... 5. Сергіту сәті. Солға, солға түзу тұр. Оңға, оңға түзу тұр. Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым Жоғары, төмен қарайық Орнымызды табайық. 6. Ойындарды өткізу. «Кім тез айтады?» ойыны «Кім көп біледі?» ойыны 6. Мақалдармен жұмыс. Отансыз адам. Ормансыз бұлбұл. Отан отбасынан басталады. 1/ Мұғалім мақалдарды дауыстап оқып береді, оқушылар тыңдап отырады. 2/ Мұғалім оқиды. Оқушылар қайталайды. 3/ Оқушылар тізбекпен оқиды. 7. Тест. Дұрыс аудармасын белгіле. а/Біздің Отанымыз а) наш город в) наше село с) наша страна д) наша Родина ә/ Рәміздерді білдіретін сөздер. а/ қала, астана, ауыл в/ аудан, мекеме, Отан с/ әнұран, жалау, елтаңба д/ ел, өлке, жер 8. Деңгейлік тапсырмалар УІ. Сабақтың қорытындысы. - Сабақтың тақырыбы қандай? - Сабақта не туралы айттық? - Нені білдік? - Не істедік? УІІ. Бағалау. Жауап берген оқушыларға бағаны журнал мен күнделіктерге қою. УІІІ. Үй жұмысын беру. Сөздер мен мақалдарды жаттап келу. |