Текст
2021 жылғы 19 тамызда сағат 11.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясы өтеді.
Іс-шараға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, ЭЫДҰ Білім мен дағдылар жөніндегі департаментінің басшысы Андреас Шляйхер және білім беру саласының басқа да өкілдері қатысады.
Педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясы ҚР БҒМ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында және ведомствоның YouTube-арнасында, сондай-ақ Білім және ғылым министрінің Instagram-дағы парақшасында онлайн режимде көрсетілетін болады.