13-сәуір күні 1-4сынып оқушыларын жоспар бойынша онкүндіктің ашылуымен және онкүндіктің жоспарымен таныстырдық.
14 сәуір «Денсаулық күні»
Оқушылармен таңғы жаттығу жасадық. «Бірінші байлық денсаулық» тақырыбында әңгімелер өткіздік.
Сергіту сәттері және флещмоб
15 сәуір «Математика күні» деп аталды.
1- сыныптар үшін «Геометриялық фигуралардан суреттермен қолөнер сайысын өткіздік.
2-4 сыныптар арасында математика пәні бойынша мектепшілік олимпиада кезеңі өткізілді.
16.04 - Әдебиеттік оқу күні.
1-сыныптар үшін кітапқа бетбелгілер жасау тапсырмасы берілді.Бірінші сынып оқушылары белсене қатысып, бетбелгілердің бірнеше түрін жасап көрсетті.
2- сынып оқушыларына «Сүйікті ертегілеріне сурет» салу байқауы жұмысы берілді. Бұл сыныптан Бердімұрат Н сүйікті ертегілерінің суретін салып әкеліп таныстырды.
3-сынып оқушылары «Ертегі әлеміне саяхат» тақырыбына сахналық қойы
Лым көрсетті.
4- сынып оқушылары «Кітабымның тұсау кесері» тақырыбына өздерінің жеке шығармаларын кітап ретінде жасап, кітабымен таныстырып тұсауын кесті.Бұл кітап кіші сынып оқушыларына ұнаған сияқты. Себебі қызығушылықпен таласып оқып жатты.
19- сәуірде « Тоқсандық Жиынтық бағалау жұмыстарын талдау» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болды.
20-сәуір Қазақ тілі мен ағылшын тілі және орыс тілі күндері болды.
2-4-сыныптар арасында мектепшілік олимпиада жүргізілді және 1 сыныпта орыс тілінен ашық сабақ өткізілді
21-сәуір Дүниетану мен жаратылыстау күні.
«Туған жердің сұлулығы» фото байқау.
22 - сәуір. Шығармашылық күні.
«Отбасымызбен сурет саламыз» тақырыбында сурет салу байқауы өтті.
23-қараша онкүндіктің жабылуы.
11-қарашадан 22-қарашаға дейінгі онкүндікке барлық сынып оқушылары мен жетекшілері белсене қатысты. Жоспар бойынша барлық жұмыстар толық орындалды.Оқушылар марапатталды